Independ.kz - новостной портал.
2023-04-04 18:49
Шекара қызметі Серік Күдебаевтың ресми түрде шекарадан өтпегенін мәлімдеді

ҰҚК сайты Серік Күдебаевтың ресми түрде шекарадан өтпегенін хабарлады.

ҰҚК Шекара қызметі азамат Күдебаев Серік Мырзақұлұлының (1965 жылы 1 қаңтарда туған) ресми жұмыс істеп тұрған өткізу пункттері арқылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтпегенін хабарлайды.

Бүгінгі күні тексеру тағайындалды, оның ішінде көршілес мемлекеттердің шекаралық өкілдік аппараттарымен өзара әрекеттесіп жұмыс істейміз. Тексеру нәтижелері кейінірек жарияланады.

 

 

Срочные новости