
Модель электр энергиясын бірыңғай сатып алушы механизміне және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына негізделетін болады.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың Үкімет отырысында хабарлағанындай , қазір қолданыстағы электр станцияларын жаңғырту бойынша жобалар жүзеге асырылуда: Бұл 2027 жылға қарай 1700 МВт-тан астам қуатты іске қосуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, Қызылорда қаласы мен Түркістан облысында жалпы қуаттылығы 1200 МВт-тан асатын станция құрылысы жүргізілуде.
Көкшетау және Семей қалаларында жаңа жылу электр станцияларын салу жобалары әзірленуде.
Екібастұз ГРЭС-2 №3-4 блоктарының құрылысы, сондай-ақ Алматы энергетикалық кешенінің энергия көздерін жаңғырту жобалары жүзеге асырылуда.
Ақшолақов сондай-ақ Ұлттық электр желісін жаңғырту, оның ішінде Батыс және Оңтүстік аймақтардың энергетикалық жүйесін нығайту, Батыс аймақты Бірыңғай электр жүйесіне қосу жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.
